Ол Францияда демалысын өткізіп жатыр
Еуропа чемпионатына қатысатын тізімге енбеген Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы Маркус Рэшфорд ерекше кеш ұйымдастырды.
26 жастағы британиялық шабуылшы Канн жағалауындағы мейрамханалардың бірінде көзге түскен. Куәгерлер кеш барысында Рэшфорд қомақты қаржы жұмсағанын айтады.
«Ер адам 12 досымен бірге Baoli мейрамханасында кешкі ас ішіп, тамақ пен сусынға 3 мың 700 фунт стерлинг жұмсаған (2,1 миллион теңге)», - деп жазды Daily Mail.
Айта кетейік, Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт жұлдызды шабуылшыны Еуропа чемпионатында бақ сынайтын құрамға қоспаған.
Англия кәрі құрлық біріншілігін 16 маусым күні Сербия құрамасына қарсы матчпен бастайды.