Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Әбден тойынғанмын»: Ермұхамед Мәулен EURO-2024 ойындарын жүргізуден бас тартты

12.06.2024, 23:00

Ол бұған дейінгі Әлем чемпионаттарын, Чемпиондар лигасы мен өзге де ірі футбол жарыстарын жүргізген

«Әбден тойынғанмын»: Ермұхамед Мәулен EURO-2024 ойындарын жүргізуден бас тартты
instagram.com/e.maulen/

14 маусымда Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты басталады. Қазақстанда чемпионатты Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Телеарналар ойындарды жүргізетін комментаторларды анықтады. Олардың арасында танымал тележүргізуші Ермұхамед Мәулен де болған. Алайда, Еуроны жүргізуден бас тартты.

«Qazaqstan және Qazsport арналары комментаторлар тізіміне қосыпты. Шақырғандарына рахмет, әрине! Бірақ футбол жүргізуге түк құлқым жоқ. Менде жеке басымның шаруалары бастан асады. «Реал» ойыншылары секілді әбден тойынғанмын футбол мен трофейге! Әріптестеріме сәттілік», - деді ол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам