Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Премьер-лига ойындарына қосылған «Жеңістің» бас бапкері қызметінен кетті

14.11.2023, 22:23

Оның орнына кім келері әзірге белгісіз

Премьер-лига ойындарына қосылған «Жеңістің» бас бапкері қызметінен кетті
Фото ашық дереккөзден

Футболдан бірінші лигада топ жарып, Премьер-лигаға жолдама алған «Жеңістің» бас бапкері Ринат Әлеуетов қызметімен қош айтысты. Клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған ақпаратта бас бапкерге басшылық алғысын айтып, құрметпен шығарып салған. 

Ринат Әлеуетов еліміздегі жас бапкердің бірі. 34 жастағы маман өткен жылдың мамыр айында «Жеңістің» бас бапкері болып тағайындалған болатын.

«Оның кәсібилігін, футболға деген құштарлығын және клубқа деген адалдығын біз ұмытпаймыз. Бас бапкермен бірге маусымды тамаша өткіздік. Ол үшін Ринат Мұратұлына шын жүректен алғыс айтамыз. Маман ретінде құнды үлесі, эмоциялар үшін, жеңісті сәттерді сыйлағаны үшін көп рахмет. Сондықтан оның клубтан кетуін оған кері әсер етеді деп айту қиын. Ринат Мұратұлының алда үлкен жеңістері бар екеніне сенімдіміз. Біздің клуб әрқашан оның спорттық мұрамызға қосқан үлесін есте сақтайды», - деп жазылған «Жеңіс» клубының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, таяуда «Елімай» клубының бас бапкері болған Самат Смақов та қызметінен кетті. Белгілі маман бас бапкерліктен босатылғаннан кейін оның анасы жазба жариялап, ұлына әлдекімдер кедергі келтірген болуы мүмкін екенін атаған.

Биылғы футбол маусымының соңында бірінші лигада үштікке енген Семейдің «Елімай», Түркістандағы «Тұран» және Астанадағы «Жеңіс» клубтары Премьер-лигаға ойындарына қосылды. Ал астанадағы тарихи команда саналатын «Жеңіс» клубы 2000, 2001, 2006 жылдары ел чемпионы атанған. Алайда соңғы 15 жылда ел чемпионатынан тыс қалды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам