Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Жалақысын ала алмаған «Тараз» ойыншылары басқа клубқа ауыспақ

15.06.2024, 23:50

Командаға жаңа директор келгелі ойыншылардың жалақысы берілмей келеді

Жалақысын ала алмаған «Тараз» ойыншылары басқа клубқа ауыспақ
Тараз ФК

«Тараз» футбол клубында қаржыға қатысты туындаған мәселе күрделеніп келе жатқан сыңайлы. Егер клуб басшылығы бұл мәселені жедел түрде шешпесе, алдағы уақытта жағдай қиындауы мүмкін.

Бұл туралы белгілі журналист Владимир Жарков өзінің телеграм-каналында жазды.

«Тараз» жақында ғана «Қайсар-М» клубымен өткен ойында жеңіске жетіп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілген. Алайда, бұл жетістікке қарамастан ойыншылар мен бапкерлер, клуб қызметкерлері арасында үмітсіздік пайда бола бастаған көрінеді. Сондай-ақ, «Тараз» клубында биыл алғаш рет ойыншылардың жалақысы кешіктіріліп отыр.

Құрбан айт мерекесіне орай ойыншылар өздерінің адал табысын береді деп үміттегенімен бәрі желге ұшыпты. 

Қазіргі уақытта бапкерлер мен ойыншылар ақшасыз қалған. Ал оларға төленетін айлық Жамбыл облысы бойынша орта деңгейдегі жалақыдан әлдеқайда төмен. Ал клубқа жаңа басшылықтың келуімен «Тараздың» қарызы 400 миллионнан 550 миллионға дейін ұлғайған.

Қазір осы жағдайға байланысты клубтың бірқатар ойыншылар жазғы трансфелік терезе ашылған соң басқа командаға ауысу жағын ойлап отыр. 

Айта кететін жайт, Жамбыл облысының әкімдігі атақты клубтың банкроттық нұсқасын да қарастыруы мүмкін екен...

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам