Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Астана» мен «Ордабасы» матчында қателік жасаған төреші қатаң жазаланды

17.06.2024, 16:32

Артем Кучин бұған дейін «Астана» мен «Елімай» матчында да қателік жіберген

«Астана» мен «Ордабасы» матчында қателік жасаған төреші қатаң жазаланды
ҚФФ

17 маусым күні Қазақстан футбол федерациясының төрешілік-сараптамалық комиссиясы мен Төрешілер комитетінің онлайн жиыны өтті. 

Төрешілік-сараптамалық комиссия QFL премьер-лигасының 11-турындағы «Астана» мен «Ордабасы» командалары арасында тіркелген даулы эпизодты талқылады. 

Төрешілік-сараптамалық комиссия бейнематериалдарға сүйене отырып, бірауыздан бас төрешіні жазалау туралы шешім қабылдаған.

«Төреші Артем Кучиннің матчтың 34-минутында қарсыласын арқасынан итеріп жібергені үшін «Ордабасы» командасының қақпасына пенальти белгілемеу туралы шешімі қате деп танылсын. Төрешілер комитетінің отырысында бір маусымда бір командаға қарсы жіберілген екі шешуші қателіктен кейін премьер-лиганың төрешісі Артем Кучинді (Қарағанды) жылдың соңына дейін ҚФФ өткізетін барлық деңгейдегі матчтардан шеттету туралы шешім қабылданды», - делінген ҚФФ хабарламасында.

Айта кетейік, бұл матчта «Ордабасы» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Артем Кучин бұған дейін 3-турда «Астана» мен «Елімай» матчында да қателік жіберіп, 1 айға жазаланған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам