Жаңа шығарылым! Қонақта Жасын Канбаев!

«Тоқал» алдым деп мақтанған «Қазақ терминаторы» Макгрегордың экс-қарсыласымен кездеседі

18.06.2024, 16:27

Мұратбек октагонда 16 жекпе-жек өткізіп, оның 12-де жеңіске жеткен

«Тоқал» алдым деп мақтанған «Қазақ терминаторы» Макгрегордың экс-қарсыласымен кездеседі
Meta-ratings.kz

Еліміздегі танымал файтерлердің бірі Мұратбек Қасымбай 13 шілдеде Алматыда бразилиялық Диего Брандаомен жекпе-жек өткізеді.

Бұл кеш және «Алматы Аренада» өтеді. Сондай-ақ осы кардта Жұман Жұмабеков пен Хамзат Магомадов кездеседі.

37 жастағы Брандаоның ММА-дағы статистикасы - 29 жеңіс, 21 жеңіліс.  2011 жылы ол The Ultimate Fighter шоуының 14-ші маусымында жеңіске жеткен . Сол кезде 10 жекпе-жек өткізіп, алтауында мерейі үстем болған. 

2014 жылдың шілдесінде Брандао Дублинде өткен UFC турнирінің негізгі кездесуінде Конор МакГрегордан жеңіліп қалды. Оның алдында тағы бір атақты файтер Дастин Порьеден бірінші раундта нокаутқа түскен. Осыдан соң, UFC-ден шығарылды. 

Кейіннен АСА-ММА  лигасына қатысып, 8 жекпе-жектің тек біреуінде жеңіске жетті. Өткен жылдың 9 қыркүйегінде бразилиялық «Алаш Прайд» кешенінде өнер көрсетті. Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбектен бірінші раундта нокаутқа түсті. Сөйтіп, Hardcore лигасына ауысты. Бұл жолы қарсыласынан басым түскені бар. 

Ал Мұратбек октагонда 16 жекпе-жек өткізіп, оның 12-де жеңіске жеткен, оның 11-ін мерзімінен бұрын жеңген. Төрт рет жеңілген. Бірақ оған танымалдық поп-ММА арқылы келді. 

Мұратбек Қасымбай биыл «тоқал алдым» деп елден сүйінші сұраған еді. Бұған дейін ережесіз жекпе-жек шеберлерінен тоқал алғанын ашық мойындаған Жалғас Жұмағұлов болатын. 2021 жылы ол екі әйелінен 6 баласы бар екенін жеткізген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам