Дінмұхаммед Қашкен мен оның жұбайы Мерей Әбілова гендер-пати ұйымдастырды
Қазақстандық футболшы, «Хан Тәңірі» клубының ойыншысы Дінмұхаммед Қашкен мен оның жұбайы танымал блогер Мерей Әбілова гендер-пати ұйымдастырып, құрсақтағы сәбиінің жынысын анықтады.
Гендер-кештің видеосын болашақ ана өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Шүкір, біз ата-ана атанамыз! Ешқандай құпиясыз гендер-патиді салғым келді», - деп жазды Мерей.
Танымал жұптың тұңғышы қыз бала болады екен. Оқырман қауым да екеуін қуанышты жаңалығымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізген.
«Әлемдегі ең керемет ана-ана боласыздар», «Аман-есен босанып алыңыз», «Сіз сияқты әдемі қыз болайын деп тұр ғой», «Құттықтаймын», - деп жазған.