Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Испания-Италия: Айдын Қожахметтің болжамы

20.06.2024, 11:26

ЕУРО-2024 "Фельтинс-Арена", Гельзенкирхен

Испания-Италия: Айдын Қожахметтің болжамы
1bol.kz

Бір матчта Испания медальға үміткерлерден турнирдің әлеуетті жеңімпазына айналды, Хорватияның мықты құрамасын жеңді. Ал "Скуадра Адзурраның" тәлімгері Лучано Спаллетти дәл турнирдің алдында ойын өткізу әдісін өзгертті.

Испания

"Фурия Роха" Хорватияны талқандап тастады. Егер қорытынды нәтижеге қарайтын болсақ - 3:0. Бұл іс жүзінде теңдей өткізілген матч болды. Немесе бокста айтылатындай - жақын. Бар болғаны, Испандықтар өз сәттерін жүзеге асыра алса, ал "дойбышылар" тіпті пенальтиді де сға алмады. Міне, барлық айырмашылық осында. Бірақ Италиямен қарсыластық одан да қиынға соғатыны анық, өйткені олар кез-келген қарсыласқа бейімделе алады. Оған қоса, Испанияның негізгі шабуылшысы Альваро Моратаның осы кездесуге қатысуы сұрақ астында.

Испанияның соңғы 5 матчы

  • Испания - Хорватия 3:0
  • Испания – Солтүстік Ирландия 5:1
  • Испания - Андорра 5:0
  • Испания - Бразилия 3:3
  • Испания - Грузия 3:1

Италия

Лучано Спаллетти Еуро-2024 басталуының алдында 3 орталық қорғаушы ойынынан "4-еуі қатарға"классикалық құрылысына ауысты. Сонымен қатар, Бастони маңындағы орынды салыстырмалы түрде тәжірибелі центрдеф - Рикардо Калафиори иеленді. Албаниямен матчта 2:1 есебімен жеңіске жетіп, бұл әдіс іске асырылды. Бірақ Спаллетти бұл әдісті әлдеқайда қауіпті және шебер испандықтарға қарсы қолдана ма? Жауабы жоқ сұрақ.

Италияның соңғы 5 матчы

  • Италия - Албания 2:1
  • Италия - Босния и Герцеговина 1:0
  • Италия - Түркия 0:0
  • Италия - Эквадор 2:0
  • Италия - Венесуэла 2:1

Жеке кездесулер тарихы

Ол кездесулерге өте бай және айтатын дүниесі көп жағдай. Егер есептеуді соңғы 12 жылдағы олардың арасындағы есте қаларлық матчтан алсақ, ол Еуро-2012 финалы болған, командалар бір-бірімен 9 рет кездескен. Осы жекпе-жектердің 5-і Испанияның пайдасына аяқталып, бір рет итальяндықтар жеңіске жетіп, үш рет тең есепті ойын тіркелді. Соңғы рет олар өткен жылы Ұлттар Лигасының финалында бас түйістірген. "Фурия Роха" пенальти сериясында мықтырақ болды.

Матчқа болжам

Құрғақ есепті қақпаға қарамастан, испандықтар Хорватиядан бірнеше гол өткізіп алуы әбден мүмкін. Итальяндықтар Унаи Симонды кем дегенде бір рет болсын сан соқтыра алуға қабілетті. Сондықтан мен Parimatch - тағы достарымның "екі команда да гол соғады-иә" нұсқасына ұсынып отырған 1.90 коэффициентін қарастырар едім.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам