Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Өлімге етім үйреніп кеткен». Атақты бапкер қатерлі ісіктен соң өмірі қалай өзгергенін айтты

20.06.2024, 17:52

Бүгінге дейін нидерландтық маман көп сынақты бастан өткерді

«Өлімге етім үйреніп кеткен». Атақты бапкер қатерлі ісіктен соң өмірі қалай өзгергенін айтты
Global Look Press

Осымен үшінші қатарынан қатерлі ісік ауруымен күресіп жатқан танымал бапкер Луи ван Гал ұнжырғасын түсірмей, әлемге зор үмітпен қарайды.

Бүгінге дейін нидерландтық маман көп сынақты бастан өткерді. Ем-дом, химиялық терапия, препараттар. Сөйте тұра ол сенімін жоғалтпайды. Нидерланд құрамасының соңғы әлем чемпионатындағы жаттығуында да ол сергек көрінді.

«Әлем чемпионаты кезінде әлдеқайда оңай болды, себебі менде нақты мақсат бар еді. Ем қабылдау процесі де бапкерлік жұмысқа ұқсайды – екеуінде де мақсат іздейсің», - деді ол.

Бапкер өлімнен қорықпайтынын айтады. Оның әкесі Ван Галдың жасы 11-де кезінде қайтыс болған. Бірінші әйелі 39 жасында көз жұмған. Бауырлары да өмірден ерте кеткен екен.

«Өлімге етім үйреніп кеткен. Сондықтан да өлім өміріміздің бір бөлігі екенін білемін», - дейді ол. 

Ван Гал 2021-2022 жылдар аралығында Нидерланд құрамасын жаттықтырды. Одан бөлек те талай клубта жұмыс істеген. Бір кездері өзі футболшы ретінде жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетті.  8 тамызда 73 жасқа толады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам