Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Футболдан ұлттық құраманың келесі ойындары Алматыда өтеді

17.11.2023, 14:58

«Астана Арена» екі жылға жөндеу жұмыстарына жабылады

Футболдан ұлттық құраманың келесі ойындары Алматыда өтеді
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Сан-Мариномен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сұрақтарына жауап берді.

Бас бапкер жарақат алған Зайнутдиновке қатысты да пікір білдірді.

«Команданың көңіл-күйі жақсы. Біз өткізген жаттығулар позитивті өтті. Алдағы матчтардың және Еуро жолдамасы үшін күрестің жалғасуының маңыздылығын түсінеміз. Біздің команда мен еліміздің бір ғана тілегі бар – жеңіс. Әрине, біз сары қағаздар туралы ойлаймыз, мұны есте ұстауымыз керек. Ертең белгілі бір түзетулерді көресіздер. Дегенмен, біз Сан-Марино командасына көбірек құрметпен қарауымыз керек. Ұлттық құрама қалай болғанда да классикалық құрамда шықпайды. Өйткені бізде ойыншы мәселесі бар. Өкінішке қарай, Зайнутдинов жарақат алды. Негізінде, бұл позицияда басқа ойыншымен ойнаудың нұсқалары қарастырылған, сондықтан біз жоспарды қатты өзгертпейміз», - деді ол брифингте.

Адиевтің сөзінше, ұлттық құраманың келесі ойындары Алматының орталық стадионында өтеді. Өйткені, «Астана Аренада» жөндеу жұмыстары басталады.

«Бұл стадион мен үшін ерекше стадион. Бұл сатдионда біз жарқын жеңістерімізге қол жеткіздік. Мен жігіттерге «келесі кездескенше» деп лайықты түрде айту керектігін жеткіздім. Екі жылда не өзгеретінін ешкім білмейді. Қай футболшы қайта оралатыны де белгісіз. Сондықтан, біз лайықты нүктесін қоюымыз керек», - деді М.Адиев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам