Жаңа шығарылым! Қонақта Жасын Канбаев!

Эрлинг Холланд Алматыдағы матчта өнер көрсетеді

25.06.2024, 11:42

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының В тобында сынға түседі

Эрлинг Холланд Алматыдағы матчта өнер көрсетеді
metaratings.ru

Футболдан еліміздің құрамасы Ұлттар лигасының ойындарында Алматыда кезекті ойындарын өткізіп, Норвегия құрамасын қабылдайды. 

Аталған ойын аясында Алатау бөктеріне әлемнің үздік ойыншыларының бірі, Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холланд та келмек. Ағылшынның «Манчестер Ситиде» доп тебетін ойыншының өнері қазақ жанкүйерлері куә болатыны мүмкіндік туып отыр. 

Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 

"Біз қосалқы нұсқаны қарастырдық және ол іске асырылды. Біздің ұлттық құраманың күзгі кезеңдегі барлық ойыны кезеңде Алматы қаласының орталық стадионында өтетін болады. Бұған қатысты Алматы әкімдігі барлық қажетті жұмыстарды, қаражатты кепілге қойып, жүргізіп жатыр", - деді вице-министр. 

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының В тобында сынға түседі. Бұл дивизионға Аустрия, Норвегия және Словенияға командары енген. Топтық кезеңдегі ойынша күз айларында өтеді. 

Қазақстан Норвегия құрамасымен қыркүйекте ойын өткізсе, Словениямен 13 қазанда, ал Аустриямен 14 қарашада кездеседі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам