Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Руд ван Нистелрой «Олд Траффордқа» оралады

27.06.2024, 19:54

Нистелрой 2006 жылы МЮ-ден ұрыспен кеткен

Руд ван Нистелрой «Олд Траффордқа» оралады
report.az

«Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы ойыншысы Руд ван Нистелрой «Олд Траффордқа» енді бапкер ретінде оралмақ. Ол команда шабуылшылары Маркус Рэшфорд пен Расмус Хойлундке қарсылас қақпасы алдында сенімді өнер көрсетуге көмектеспек. Өз карьерасында нидерландтық сұрмерген «қызыл сойқандар» сапында 219 матчта 150 гол соққан. 

Ван Нистелрой Манчестерде бес жыл ойнап, бір маусымда орта есеппен 30 голдан соғып отырған. Басшылық оның Эрик тен Хагтың бапкерлер штабына қосылуы пиар ғана емес, сонымен қатар команданың шабуылының жұмысын жүйеге келтіреді деген сенімде. Себебі МЮ АПЛ-нің аяқталған маусымында небәрі 57 гол соқты. 

Mirror мәліметінше, 47 жастағы нидерландтық футболшы шабуылшылардың бұрынғы бапкері Бенни Маккартидің орнын басады.

Естеріңізде болса, Нистелрой 2006 жылы МЮ-ден ұрыспен кеткен. Сол кездегі бас бапкер Алекс Фергюсонмен сөзге келіп қалған ол Мадридтің «Реалына» ауысып, «корольдік» клубта 96 матчта 64 голды өз еншісіне жазды. Руд Фергюсонмен баяғыда-ақ татуласып алған және тәжірибелі бапкерін «Олд Траффордта» асыға күтетінін айтады.

Бапкер ретінде ван Нистелройдың өзі «ПСВ» клубының жастарымен жұмыс істесе, сонымен қатар Нидерланд құрамасында Гус Хиддинк және Рональд Куманның көмекшісі қызметін атқарды. Бір маусымда «ПСВ-нің» ересектер құрамын жаттықтырып, Нидерланд кубогында топ жарған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам