Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Кем дегенде екіге бөлу керек»: Черчесов жалақысы жайлы айтты

29.06.2024, 12:03

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Черчесовтың отставкасын талап ететін петиция жариялауды ұсынған еді

«Кем дегенде екіге бөлу керек»: Черчесов жалақысы жайлы айтты
Sputnik / Владислав Воднев

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов журналист Ербол Қайыровқа берген сұхбатында жалақысына қатысты жауап берді. Бұған дейін ресейлік маманның жылына 1,2 миллион еуро алатыны айтылған. 

«Мен туралы көп нәрсе айтылады, олардың ешқайсысына мән бермеуге тырысамын. Шынымды, ондай сандарды, ақпаратты кімнің қайдан алатынын түсінбеймін. Бірақ айтылған санды кем дегенде екіге, көп жағдайда беске бөлу керек. Сол кезде шынайы сома шығады.

Әйтпесе біреудің сөзін жоққа шығарып, сөзді көбейтіп қайтемін?! Журналистің жұмысы – жазу, талқылау. Ал менің міндетім – жұмысымды ойдағыдай атқару», - деді бас бапкер.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Станислав Черчесов Астанада журналистермен кездесіп, жиын барысында басы дауда қалған болатын. Ол өзіне қазақша сұрақ қойған журналиске ұрысып, орысша сөйлеуді талап етті. Тиісінше, қоғамда наразылық туып, ресейлік маманның отставкасын талап еткен жұрт қарасы көбейді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам