Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар

29.06.2024, 18:13

Миллиондардың спорты саналатын футбол осы күні жыныс таңдамайды. Ерлермен қатар қыздар да бірнеше мыңдық стадионды толтыратын жанкүйер жинайтын болған. Месси мен Роналду ғана емес, әйелдерден де Бразилияның Марта есімді ойыншысы да «Алтын допты» бес рет иеленді. Айта берсек, мұндай қызықтар өте көп.

Біз бүгін алаңда ойынымен ғана емес, сұлулығымен де тамсандырып жүрген топ-футболшы қыздар туралы әңгіме қозғамақпыз.

Ана Маркович (Хорватия)

Рейтингтің көш басын әлемдегі ең сексуальный футболшы қыз, хорватиялық Ана Маркович бастап тұр. Ол алғаш футболдағы дебютін Швейцарияның «Цюрих» клубында жасады. Бұл команда сапында екі рет Швейцария чемпионы атанды. Сондай-ақ ел кубогына қол жеткізді. 2019 жылдан бері осы елдің тағы бір командасы  «Грассхоппер» намысын қорғап жүр.

Хорватия құрамасы сапында 2021 жылдың қараша айынан бері өнер көрсетеді. Әлбетте, Ана ерлердің назарын ерекше аудартыны анық. Әлеуметтік желідегі оқырмандарының саны 3,3 миллионнан асқан. Жазылушыларының арасында Хорватияның ең атақты ойыншысы Лука Модрич те бар.

Алиша Леманн (Швейцария)

Швейцариялық Алиша Леманнның Instagram желісіндегі оқырмандар саны 16 миллионнан асқан. Бұл бірінші кезекте оның сұлулығының арқасы болса керек.

Футболшы карьерасын Швейцарияның «Янг Бойз» клубынан бастаған. Кейін оны 2018 жылы Англияның «Вест Хэм» клубы алып кетеді. Сөйтіп, 2018-2021 жылдары команданың басты жұлдыздарының бірі болды. 2021 жылы қаңтарда «Эвертонға» жалға беріледі. Ол жақта тәп-тәуір ойнады. Жарты жылдан соң, «Астон Вилла» клубына ауысты. Әлі күнге сол команда намысын қорғап жүр.

Табиғи сұлулық пен футболдағы шеберлік Алишаны Еуропадағы ең танымал футболшылар қатарына қосты.

Алекс Морган (АҚШ)

Америкалық Алекс Морган The Best жүлдесінен кейін көпшіліктің көзіне түсті. Сол кезде ол ашық қызғылт киіммен барлығын таң қалдырған болатын. Футболшы қыз тек әдемі ғана емес, карьерасында да бағы жанған жан.

2012 жылы Алекс Морган алғаш рет АҚШ-та үздік футболшы номинациясына ие болды. 2019 жылы «Күміс бутсыға» қол жеткізді. Морган 200 матчта 121 гол соққан. АҚШ құрамасы сапында Алекс екі рет әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

АҚШ футболшысы карьерасының ең бір шырқау кезеңінде Франция «Лион» клубында доп тепті. Сол кезде Чемпиондар лигасын үш рет ұтты. Бірақ 2020 жылы Морган «Тотенхэмге» ауысты. Үнемі Англияда ойнағысы келген. Сол арманын жүзеге асырды. Ал қазір өз отанындағы «Сан-Диего Уэйв» клубының намысын қорғап жүр.

Алессия Руссо (Англия)

Алессия Англияда туған. Дегенмен бойында италиялықтың қаны бар. Атасы Сицилиядан Англияға 1950 жылы қоныс аударған. Айтпақшы, әкесі де футбол ойнаған. Англияның төменгі лигаларында өнер көрсеткен. Қызы футболдағы жетістік жағынан қазір әкесін басып озды.

Алессия – Англия әйелдер құрамасының басты жұлдыздарының бірі. 2022 жылы құрамасына Еуропа чемпионатының алтынын алуға көмектесті. Сонымен қатар турнирдегі ең әдемі голды соқты.

Айта кетейік, Руссо алаңда әмбебап ойынымен танымал. Жартылай қорғаныста, шабуылда да ойнай береді.  «Чарльтон Атлетик» клубының түлегі. Қазір «Манчестер Юнайтед» сапында доп тебеді.

Пейдж Альмендарис (АҚШ)

Бала кезінде Пейдж балетке қызығушылық танытып, бимен айналысқан. Дегенмен сұлу бойжеткен кейін мектепте футболға деген «желаниясы» ашылып, аладопқа ауысып кетеді. Алдымен жергілікті клубтарда ойнады. Сосын америкалықты Португалияның «Брага» командасы шақырады.

Футболдан тыс кезде Пейдж модельдік бизнеспен айналысады. Әр түрлі жарнамалық роликтерге түседі. Өзінің жеке брендтік киімі бар. Сондай-ақ фотосессияларда бой көрсетіп жүр.

2018 жылы Альмендарис өз махаббатын тапты. Сүйікті де – футболшы. Сол тұста Лондонның «Арсеналында» ойнаса, қазір «Кристалл Пэластың» намысын қорғайтын қорғаушы. Есімі – Роб Холдинг. Бұл жұп Америкадағы демалысында танысқан.

Ксения Коваленко (Ресей)

Бұл тізімге ресейлік футболшы қыз да қосылды. Этникалық қазақ Аман Төлеев басқарған Кемер облысының тумасы Ксения Коваленко да көрген жанның көзін тойдыратын футболшы қыз. Спорттағы карьерасын «Кузбасс» клубынан бастаған. 14 жасында аса ауыр жарақат алып, футболды тастап кете жаздайды. Дегенмен, бірнеше операция жасатып, футболға оралды. Сөйтіп, «Измайлово» атты командаға ауысты. Сол жақтан Ресей әйелдер құрамасына шақырту алған. Ал 2014 жылы «Россиянка» командасының жейдесін киіп, арада екі жыл өткенде чемпион атанады. Соңғы жылдары Мәскеудің ЦСКА клубында ойнап жүр.

Ол 2021 жылы «Спартактың» бұрынғы капитаны Денис Глушаковқа тұрмысқа шыққан. Қазір бір қыз тәрбиелеп отыр. Ресейдегі ең сексуальный футболшылардың бірі осылай сүйіктісін алыстай іздемей, футболдан тапты.

2014 жылы Ксения ерлерге арналған FHM журналының тұжырымы бойынша жер бетінде топ-100 сексуальный футболшылардың тізіміне кірген. Өзі adidas споррттық брендінің амбассадорларының бірі.

Чарли Эсткорт Уэльс)

Гарет Бэйлдің отандасы карьерасын 9 жасында бастаған. Сосын «Бристол» және «Челси» клубтарында ойнап үлгерді. Қазір «Бирмингем» намысын қорғап жүр. Клубтық деңгейде аса қатты жетістікке жеткен жоқ. Ұлттық құрама сапында да әлемдік ареналарды бағындыра қоймады.

Дегенмен Чарлидің жоғары білімі бар. Ол дене шынықтыру, биология және психология мамандығын оқытатын танымал Джон Мадейски атындағы академияны бітірген. Карьерасын аяқтаған соң да футболшы жұмыссыз қалмасы анық.

Юлия Мясникова (Қазақстан)

Бұл тізімге қазақстандық футболшыны да қосып отырмыз. Әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова шынымен сұңғақ бойлы, сұлу қыздардың бірі. Қарағанды қаласының тумасы «Алма-ҚТЖ», «БИІК-Қазығұрт» командаларында ойнаған. Қазақстанның алты дүркін чемпионы.

2019  жылы Юлия Мәскеудің ЦСКА клубына ауысты. Осы уақыт аралығында Ресейдің екі дүркін чемпионы атанды.

Джордин Уитема (Канада)

Канаданың әйелдер футболының жас жұлдызы Джордин Уитема да ерекше көзге түсетін қыздардың бірі. Ол «Бавария» клубының жұлдызы Альфонсо Дэвистің сүйіктісі болған. Бірақ қазір доминкандық Хулио Родригеспен кездеседі.

Джордин ағасымен бірге төрт жасынан футболға қатысқан. АҚШ пен Канаданың футбол лигаларында өнер көрсетті. Сосын 2019 жылы Францияның ПСЖ клубы 4 жылға келісімшарт жазды. Қазір қайтадан АҚШ-та жүр.

Ол бес жыл «Баварияның» сол қапталдағы қорғаушысы Альфонсо Дэвиспен кездесті. Бірақ оның орнын көп жоқтата қоймады. Сосын доминкандық бейсбол шебері Хулио Родригесті жолықтырды.

Агата Изабелла (Италия)

Агата Изабелла  - қазір Италия футболының басты секс-символы. Сонымен қатар елдегі ең әдемі спортшылардың бірі.

Агата – 20 жасына дейін баскетболмен айналысқан. Сосын отбасындағыларға еріп, футболды таңдайды. Әкесі мен ағасы ала допты жақсы көреді.

Футболшы ретінде Агата аса қатты жетістікке жетті дей алмаймыз. Дегенмен әлеуметтік желіде купальникпен түскен суреттерін жариялау арқылы танымалдыққа ие болған. Ол спорт басылымдарына берген сұхбатында мұндай суреттерін әйелдер футболына деген елдің қызығушылығын ояту үшін істейтінін айтқан.

Біз бүгін сұлулығымен және алаңдағы ойынымен де танымал 10 әйел футболшыны назарларыңызға ұсындық. Видео ұнаса лайк басып, төменде коммент жазыңыздар.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам