Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

«Ордабасы» өз алаңында «Астанадан» жеңіліп қалды

25.09.2023, 19:42

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 23-турында «Ордабасы» өз алаңында «Астанадан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ордабасы» өз алаңында «Астанадан» жеңіліп қалды
Фото kazfootball.kz

Командалар биыл чемпион атағына таласып келеді. Әзірге «Ордабасы» алда келе жатыр.

Десе де, әлі де бас жүлде тағдыры шешіле қойған жоқ. Бүгін шымкенттік клуб жеңіске жеткен жағдайда алтын медальге жақындай түсетін еді.

Бүгінгі кездесуде «Астана» негізгі құрамнан бірнеше ойыншысын алып келген жоқ. Соған қарамастан шымкенттік клубқа лайықты қарсылық көрсетті.

Кездесу барысында елордалық командадан Аслан Дарабаев 42-минутта есеп ашса, 60-минутта Нұрәли Жақсылықов есепті ұлғайта түсті.

Ойынның 89-минутында Максим Федин пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Ордабасы» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам