Ширек финалда оларды Германия ойыншылары күтіп тұр
Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалы аясында өткен Испания – Грузия арасындағы матчта сенсация орын алған жоқ. «Қызыл фурия» жарыс дебютанттарын 4:1 есебімен ойсырата жеңді.
Матч бірден испандықтардың шабуылымен басталған. Алайда, қарымта шабуылдардың бірінде Какабадзенің қапталдан көтерген добын Ле Норман (18-минутта) өз қақпасына соғып алды.
Испандықтар бұдан есеңгіреген жоқ. 39-минутта Родри есепті теңестірсе, 51-минутта Ямальдың берген пасын Руис голға айналдырды. Ал, 75-минутта дәл сол Руистың шығарған пасын Уильямс ұтымды пайдаланып, грузиндердің қақпасына үшінші голды соқты. Ойындағы соңғы нүктені 83-минутта Ольмо қойды. Қорытынды есеп – 3:1.
Енді ширек финалда Испания құрамасы жарыс қожайындары Германия құрамасымен кездеседі.