ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Ақтөбелік футболшы Аустрия клубтарына ауыса ма?

01.07.2024, 12:22

Максим Самородовтың "Рапид" немесе "Штурм" клубтарының біріне аттануы мүмкін

Ақтөбелік футболшы Аустрия клубтарына ауыса ма?
QFL

Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы мен "Ақтөбе" клубының шабуылшысы Максим Самородовтың Еуропа мемлекеттеріне ауысуы туралы ақпарат жария болды.

«Серый CARDINAL» телеграм-арнасының жазуынша, Максим Самородовқа деген «қызығушылық» агенттердің кезекті ойыны болуы мүмкін. Бұл туралы белгілі дереккөздер өзінің пікірін білдірді.

Бұдан сәл біраз уақыт бұрын БАҚ беттерінде Максим Самородовтың "Рапид" немесе "Штурм" клубтарының біріне аттануы мүмкін екені туралы қауесет тараған еді. Алайда бұл қазіргі жағдайда мүмкін емес көрінеді.

“Бұл агенттер тарапының кезекті ойын шығар. Мен бұл мәселеге қызығушылық танытар едім. Себебі, Самородов жасыл алаңда тәуір өнер көрсетіп жүр. Бұл ретте Аустрия клубтарының оған деген қызығушылығының жоқ екені белгілі. Дегенмен, Максим Қазақстаннан басқа клубтарға ауысуы керек. Сонда ғана ол алға жылжып, өз қарым-қабілетін одан әрі аша түсуі мүмкін", - деп жазды «Серый CARDINAL» арнасы.

22 жастағы Максим Самородов «Ақтөбе» футболының белгілі ойыншысы. Айта кететін жайт, оның «Ақтөбемен» арадағы келісімшарты 2024 жылдың соңында аяқталады. Аяқдоп шебері биылғы маусымның өзінде 17 матч өткізіп, 8 гол соқты. Сонымен қатар, 3 мәрте нәтижелі пас беруімен ерекшеленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам