Елена Рыбакина 4-орнын сақтап қалды
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте жоғарылап, 186-орынға тұрақтады. Бұл жетістік оның әзірге ең үлкен нәтижесі болып отыр.
Таяуда АҚШ-тағы турнирде жеңіске жеткен отандасымыз 197-орынға жайғасқан еді. Бұған дейін ол рейтингтің 247-ші сатысында болған. Уақытпен бірге өзінің шеберлігін жетілдірумен қатар, үздіктер қатарына жақындап келе жатқан теннисші ерлер арасында Қазақстанның екінші ракеткасы атанып отыр.
Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнында қалса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-орынға тұрақтады.
Сондай-ақ, жұптық сын бойынша Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнын сақтап қалды.
Әйелдер теннисінің рейтингісінде Елена Рыбакина 4-орында, Юлия Путинцева – 69, Аружан Сағындықова 787-сатыға жетіп тоқтады. Сонымен бірге, жұптық сында Анна Данилина – 56, Е.Рыбакина – 118, Жібек Құламбаева 143-орынға келе жатыр.