Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан ауыр атлеті Мексикадағы әлем чемпионатында топ жарды

20.11.2023, 10:22

Ол серпе көтеруде рекорд жаңартты

Қазақстан ауыр атлеті Мексикадағы әлем чемпионатында топ жарды
Фото ашық дереккөзден

Мексиканың Гвадалахара қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде отандасымыз Едіге Иемберді жеңімпаз атанды.

Қазақстандық ауыратлет жұлқа көтеруде алғашқы үштікке енген жоқ. Алайда, ол серпе көтеруде 191 келіні бағындырып, рекорд орнатты. Жалпы нәтиже бойынша 336 келіні көтерген Едіге 81келіде әлем чемпионы атанып отыр.

Төрткүл дүниенің үздіктері жиналған бәсекеде Едіге Иембердіден кейін күміс жүлдеге ие болған түрікменстандық Гаугусуз Тораев 335 келі нәтижесін көрсетті. Ол серпе көтеруде 184 келіні төбеге көтерсе, жұлқа көтеруде 151 келіні бағындырды. Ал әлем чемпионатының қоласын грузин ауыратлеті Саба Асанидзе иеленді. Оған тиесілі нәтиже 333 келі болып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам