Футболшыны отау құруымен әуелі «Тобыл» клубы құттықтады
Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы және "Тобыл" клубының ойыншысы Роман Асранқұлов шаңырақ көтерді.
Қостанайлық клубта доп теуіп жүрген теңбіл доп шеберінің таңдауы Анна есімді аруға түскен. Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, Анна биші болып қызмет атқаратын сыңайлы. Футболшыны отау құруымен әуелі «Тобыл» клубы құттықтады.
«Құсың құтты болсын, Роман! Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Тобылдың» қорғаушысы Роман Асранқұлов шаңырақ құрды. Біз Роман мен Аннаны қуанышты жаңалығымен құттықтайды. Жас отаудың шаңырағына ырыс-құт, береке-бірлік орнасын», - деп жазылған «Тобылдың» әлеуметтік желідегі парақшасында.
Роман Асранқұлов – "Тобыл" клубында машықтанған футболшы. Ол осыдан 4 жыл бұрын ел чемпионатында алғаш рет өнер көрсетті. Ойыншы 2024 жылғы маусымда қостанайлық клуб қатарында 16 ойын өткізіп, 2 рет нәтижелі пас беруімен көзге түсті.