Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Германия бас бапкерінің ассистенті судьялар бөлмесіне басып кіріп, бас төрешіні балағаттады

06.07.2024, 16:04

УЕФА-ның Сандро Вагнерге қатысты қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз

Германия бас бапкерінің ассистенті судьялар бөлмесіне басып кіріп, бас төрешіні балағаттады
Bild

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында Испаниядан жеңіліп қалған Германия құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Сандро Вагнердің басы дауда қалды. Ол матчтан кейін судьялар бөлмесіне басып кіріп, бас төрешіні боқтық сөздермен «жағадан алған» деп жазады Bild басылымы.

Айта кетейік, аталған матчтың негізгі бөлігі 1:1 есебімен тең аяқталып, овертаймда испандықтардың мерейі үстем болған. Ал, судья Энтони Тейлор 106-минутта Марку Кукурельяның қолына доп тигеніне қарамастан Испания қақпасына пенальти белгілемеді.

УЕФА-ның Сандро Вагнерге қатысты қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз. Энтони Тейлор да әлі оның үстінен шағым түсірмеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам