Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

«Намыс қайда? Ұят қайда? Свет қайда?»: «Қайсардың» матчында жарық өшіп қалды

07.07.2024, 12:28

Футболшылар жарық берілгенін бір сағат күткен

«Намыс қайда? Ұят қайда? Свет қайда?»: «Қайсардың» матчында жарық өшіп қалды
QFL

Қызылордада жергілікті «Қайсар» футбол клубы мен Астананың «Жеңіс» командасы кездескен. Бұл – лига кубогының топтық кезеңіндегі ойын. Осы матчта бірнеше минутқа жарық өшіп қалды.

Кездесудің 74-минутында күтпеген жерден прожекторлар сөніп, доп ойнау мүмкін болмай қалды. Бұл кезде Ғалымжан Кенжебек соққан голдың арқасында қонақтар алда тұрған. Осыдан кейін жарық бір сағат бойы жанбады. Дегенмен, командалар күтіп, жарық қосылған соң ойынды жалғастырды. Матч осы есеппен аяқталды.

Бұл жайт өз кезегінде әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Жанкүйерлер наразылық білдірсе, кейбірі зілді әзілмен ұйымдастырушыларды сынға алды.

«Намыс кайда? Ұят қайда ? Свет қайда?», «Жарық не болды?», «Қызылорда футболдан қонақжай халық қой шіркін!», «Жарық сөнбегенде жеңер еді», - деген пікірлер жазылған әлеуметтік желіде.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам