Даңқты футболшы өз мансабында алғаш рет ірі турнирде мүлдем гол соға алған жоқ
«Астон Вилланың» бұрынғы шабуылшысы Гэбриэл Агбонлахор Еуропа чемпионатындағы Португалияның жеңілісін өзінше түміндірді.
Еске салайық, турнирдің ширек финалында португалдықтар Франция құрамасынан пенальти сериясынан кейін жеңіліп (5:3), жарыстан шығып қалды.
«Мен Роналдудың жанкүйерімін. Ол – ұлы футболшы. Бірақ Криштиану бұл турнирде ешнәрсе істей алмады. Ол қауіпті шабуылдар ұйымдастыра алмады, қорғана да алмады. Тіпті, қауіпті шабуылдар жасауға көмектесе алмады. Ал, өзіне мүмкіндік келгенде оны пайдалана алмады, қисық тепті.
Осыған қарамастан, ол барлық ойынды бастан-аяқ алаңда өткізді. Роберто Мартинес оны қосалқы құрамда қалдырудан қорықты, оның бұл қорқынышы Португалияның жеңілісіна алып келді», - деді Агбонлахор talkSPORT-қа берген сұхбатында.
Айта кетейік, Роналду өз мансабында алғаш рет ірі турнирде мүлдем гол соға алған жоқ. Соңғы Франциямен болған матчта ол гол соғатын бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмай, жанкүйерлердің сынына ұшырады.
Футболды FONBET-пен көру қызығырақ. Ал, Еуро-2024 – Қазақстандағы ең үздік VIP бағдарламасы бар букмекерде ойнайтын таптырмайтын уақыт. Өйткені FONBET-тің түрлі акцияларында 150 000 000 теңге ойнатылып жатыр. Жаңа клиенттер BOL24 промокодымен тіркелсе 24 000 теңге бонус ала алады. Ол сізді мына сілтемеде күтіп тұр: http://www.fonbet.kz/s/Zyd6XV