Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Беларусьтегі шошқа етін жемейтін қазақ футболшысы бір ойында екі гол соқты

08.07.2024, 02:47

Ол «Слуцк» клубының сапына биыл ақпан айында ғана ауысқан болатын

Беларусьтегі шошқа етін жемейтін қазақ футболшысы бір ойында екі гол соқты
"Слуцк" ФК

Бұрын Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған шабуылшы Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында дубль жасады.

Ол ойнайтын «Слуцк» командасы Беларусь чемпионатының 15-турында «Нафтан» командасына қонаққа барған болатын. 25 жастағы қазақстандық шабуылшы алаңға екінші таймда қосылды. Отандасымыз алғашқы голын 68-минутта кіргізсе, арада 10 минут өткенде дубльдің авторы атанды. Жалпы ойын 4:1 есебімен «Слуцктің» пайдасына шешілді.

Осылайша футболдан Беларусь чемпионатының бірінші айналымы аяқталды. «Слуцк» командасы турнир кестесінде 12-орында тұр. 

Айта кетейік, Оралхан Өміртаев «Слуцк» клубына биыл ақпан айында ауысқан. 25 жастағы шабуылшы бұған дейін «Атырауда» өнер көрсетті. «Мұнайшылар» сапында 30 матчта 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Оның алдында «Шахтер», «Ақжайық», «Тобыл» клубтарының жейдесін киген.

Жалпы, ол Қазақстан Премьер-лигасында 173 матч өткізіп, 22 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.

Жақында оның әйелі Әсел Советова жергілікті басылымдардың біріне сұхбат беріп, Беларусь елінде тамақтың бәріне шошқа майы қосылады деген болатын. Сондықтан олар колбаса сияқты тағамдарды жей алмай жүр екен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам