Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Килиан Мбаппе Испаниямен болатын ойында алаңға шыға ма – Дешам жауап берді

09.07.2024, 09:47

Испания құрамасының негізгі үш ойыншысы да бүгінгі матчты трибунадан тамашалайды

Килиан Мбаппе Испаниямен болатын ойында алаңға шыға ма – Дешам жауап берді
LE FIGARO

Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам жартылай финалдық матч алдында журналистерге команданың дайындығы жайлы айтып берді.

Еске салайық, бүгін EURO-ның жартылай финалында Испания мен Франция құрамалары өзара мықтыны анықтайды. Дешамның сөзінше, құраманың басты шабуылшысы біраз шаршаған. Оның үстіне, алған жарақаты да бар.

«Мбаппе соңғы матчта 110 минут алаңда болды. Өзін нашар сезініп тұрған ойыншыны алаңда қалдырудың мәні жоқ, тіпті ол Мбаппе болса да. Сондықтан, біз барлық ойыншы үшін қалыпқа келу процесіне ерекше көңіл бөлдік. Қолдан келгеннің бәрін жасадық. «ПСЖ»-да өткен ауыр ойын маусымы мен Еурода алған жарақаты барын ескеру керек. Бірақ, ертең ол алаңда өте жоғары нәтиже көрсетеді деген үміттемін. Ол маска киіп ойнап жүр, бұл оның көру мүмкіндігіне басқаша әсер ететіні белгілі. Қазіргі таңда бетінің ісігі қайтты, мұрны да қалпына келді», - деді Дешам Le Figaro басылымына.

Айта кетейік, Мбаппе Еуропа чемпионатында 4 матчта алаңға шығып, небәрі бір гол соқты. Аустриямен болған алғашқы ойында ол мұрнын сындырып алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам