Лионель Месси ойыншыларын алып, алаңнан кетіп қалды
Футболдан әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында Бразилия Аргентинаны қабылдады. «Маракана» стадионында өткен ойынның басталар тұсында фанаттар жаппай төбелес ұйымдастырып, матч отыз минутқа шегерілді.
Бразилияның мемлекеттік әнұраны шырқалып жатқанда екі құраманың жанкүйерлері бір-біріне күш қолдана бастаған. Іске полиция араласып, төбелесті әзер тоқтатты.
Трибунада хаос болған. Сол сәтте Аргентина капитаны Лионель Месси командаластарын алып, алаңнан кетіп қалды.
Жарты сағаттан кейін қайта басталған ойында небәрі бір гол соғылды. Аргентина ойыншысы Николас Отаменди 63-минутта Бразилия қақпасын дәл көздеп есепті ашқан, Бразилия голмен жауап қайтара алмады.