Ол сынған аяғына Германияда ота жасатқан
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген енді алты аптадан кейін қатарға қосылады. Бұл туралы спорт журналисті Ермұхамед Мәуленнің Telegram-каналында жазылған.
Есте болса, «Ордабасы» сапында ойнаған сәтте Тағыберген аяғынан жарақат алып, артынша сынғаны белгілі болды. Содан бері ол жаттығуларға да қатыса алмай жүр. Дегенмен, ұлттық құраманың әр ойынында команданың джанынан табылуда.
«Германияда ота жасатқан жартылай қорғаушы кедергілерге қарамастан команданың жанынан табылуды жөн көргенін ерекше атап өтті», - делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары аясында соңғы матчты Словениямен өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.