Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«МЮ қызығушылық танытқан жоқ»: Нұрәлі Әліпке қатысты ақпарат жалған болып шықты

22.11.2023, 11:16

«Зенит» оны кемі 5 млн еуроға сатамыз деп отыр

«МЮ қызығушылық танытқан жоқ»: Нұрәлі Әліпке қатысты ақпарат жалған болып шықты
Қазақстан футбол федерациясы

Бірнеше күн бұрын отандық БАҚ беттерінде Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті «Манчестер Юнайтед» клубы сатып алуды қарастыратыны туралы ақпарат жарияланды. Қазақстанның Словениямен алдағы ойынына футболшыны көру үшін скауттар келгені туралы да айтылды.

Ағылшын премьер-лигасының белді клубының отандық аяқдоп шеберіне қызығушылық танытқаны туралы қызу талқыға айналғаны соншалық, жанкүйерлердің бір легі «Манчестер Юнайтедтің» әлеуметтік желідегі парақшасы лап қойған. Ұлттық құрама сапында ерекше ойын өрнегін көрсеткен қорғаушыны өкінішке қарай «Манчестер Юнайтед» тарапы қызығушылық танытпаған болып шықты.

Себебі, бұл туралы ақпараттың нақты дереккөзі мүлдем айтылмаған. Әрі ағылшын клубы тарапынан дәл қазір отандасымызға деген қызығышулық байқалмағаны белгілі болып отыр. Ал ұлттық құраманың ойынына скауттар келіп Нұрәлі Әліпті тек «МЮ» сатып алуды көздеп отырғаны тексерілмеген ақпарат күйінде барлық желіні шарлап кеткенін оқырмандар байқамай қалған секілді.

Нұрәлі Әліп 1999 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. Ол жасөспірім шағында «Каспий» футбол клубында доп тепті. Кейін Алматының «Қайратына» ауысып, 2018-2022 жылдары ел чемпионатында ойнады. Ал, 2022 жылы жалға алу бойынша оны петербургтің «Зенит» өз қатарына қосты. Ресейлік клубта 14 ойын өткізген отандасымызды жыл басында «Зенит» біржола сатып алған болатын.

Бүгінде  қорғаушы міндетін атқаратын оны жақында түрік клубтары да сатып алуға ұсыныс білдірген. Алайда «Зенит» қазақ футтболшысы 5 млн еуро сұрап, «Фенербахче» ұсынған 3 млн еуроға келісім бермеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам