Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ямальдың биі, Беллингемнің көз жасы, трофейсіз қалған Харри Кейн – финалдық матчтың фотосуреттері

15.07.2024, 12:25

Испания – Еуропаның төрт дүркін чемпионы

Ямальдың биі, Беллингемнің көз жасы, трофейсіз қалған Харри Кейн – финалдық матчтың фотосуреттері
Чемпионат

Футболдан Еуропа чемпионаты мәресіне жетіп, енді сарапшылар болған ойындар мен ойнаған футболшылардың әрекетіне баға бере бастады. Чемпион болған Испания құрамасы осы турнирде бірде-бір рет жеңілмесе, финалға шыққан Англияның алысқа шабарына көпшілік сене қойған жоқ. Топтық кезеңде де, плей-офф кезеңінде де сүреңсіз ойын көрсеткен Саутгейт шәкірттері трофейге бір табан қалғанда сүрінді.

Чемпионаттың ең үздік жас ойыншысы атағын испаниялық Ламин Ямаль жеңіп алды. Ол турнирде бір гол соғып, нәтижелі төрт пас берген. Ал, Англияның ең үздік сұрмергені саналатын Харри Кейн тағы да үйіне құр қол қайтты. Даңқты футболшы мансабында бірде-бір трофей жеңбеген.

Ағылшындардың финалдық матчты құтқаратын мүмкіндігі болған. 90+2 минутта бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші секірген Деклан Райс қақпаны дәл көздегенімен, испан қақпашысы орнынан табылып, сейв жасады. Кері серпілген допты Марк Геи тағы да баспен қақпаға ұрған. Алайда, бұл сәтте Дани Ольмо қақпаны голдан құтқарса, Райстың үшінші соққысы қақпадан биік кетті.

Осылайша, Испания құрамасы Еуропаның төрт дүркін чемпионы атанды. Ал, Англия қатарынан екі рет финалға шығып, екеуінде де жеңілді.

Фотосуреттер championat.com сайтынан алынды

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам