Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Тобылдың» бұрынғы директорын Мәскеуде жанкүйер ұрып, көзін көгертті (ФОТО)

17.07.2024, 09:41

Ол есін жия алмай ұзақ уақыт жатып қалған

«Тобылдың» бұрынғы директорын Мәскеуде жанкүйер ұрып, көзін көгертті (ФОТО)
РИА Новости

Ресей құрамасы мен «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Андрей Канчельскисті Мәскеудегі барда жанкүйерлердің бірі соққыға жыққан. Көзі көгерген спорт ардагері фотосын әлеуметтік желіде жариялады.

Белгілі болғандай, Канчельскис Еуро-2024 финалын спорт барында көппен бірге көрмек болған екен. Алкогольді ішімдік ішкеннен кейін ол жанкүйерлердің бірімен ерегісіп қалған. Соңы төбелеске ұласыпты. Бұл туралы Mash телеграм-каналы жазды.

«Канчельскис бетінен алған ауыр соққыдан нокаут алған. Бар қызметкерлері оған көмектеспек болғанымен, экс-футболшы есін жимаған. Амал жоқ, дәрігерлер шақыруға тура келіпті. Жедел жәрдем станциясы оған оқиға орнында көмек көрсетіп, үйіне қайтарды, ол басынан жарақат алған», - деп жазылған аталған хабарламада.

Айта кету керек, Канчельскис былтыр қостанайлық «Тобылда» бас директор болды. Алайда, клуб қожайындарымен кикілжің болып, ол командадан қуылды. Артынша ол «Тобылдың» президентін алаяқ деп айыптап, Қырғызстанға қызметін ауыстырды. Жуырда ол елден де кеткені белгілі болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам