Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Әкемізді 10 жыл көрген жоқпыз». Иньяки Уильямс ата-анасы қандай қиындықты бастан өткергенін айтты

23.07.2024, 14:05

Еуро-2024-тің басты жұлдыздарының біріне айналған Нико Уильямстің ағасы Иньяки сұхбат берді

«Әкемізді 10 жыл көрген жоқпыз». Иньяки Уильямс ата-анасы қандай қиындықты бастан өткергенін айтты
instagram.com/williaaaams

«Атлетик Бильбао» мен Испания құрамасының шабуылшысы Иньяки Уильямс өзінің отбасы жақсы өмір үшін Ганадан қалай қашқанын айтып берді. 

Еуро-2024-тің басты жұлдыздарының біріне айналған Нико Уильямстің ағасы Иньяки The Guardian-ге берген сұхбатында анасы Мария айтып берген оқиғаны есіне алды. 

Мария Иньякиге жүкті кезінде күйеуі Феликспен бірге Испанияға кету туралы шешім қабылдайды. 

«Олар үсті ашық жүк көлігімен біраз жол жүрген, оның ішінде 40 адам болыпты. Сонан соң тағы бірнеше күн жаяу жүрген. Әбден әлсіреген адамдар құлап, қайтыс болған, оларды жолда көмуге тура келген. Өте қауіпті жол жүріпті: себебі оларды ұрылар, қарақшылар күзетіп отырған. Көбісі алданып қалып жатады. Жеткіземін деп ақысын алып алып, жолдың ортасында «саяхат осы жерден аяқталды» дейді де, көліктен шығарып жібереді. Не су, не тамақ жоқ. Балалар, қарттар мен әйелдер. Адамдар өздерін алда не күтіп тұрғанын білмейді, жете ала ма, ол жағы да белгісіз. Анам сапарға шыққанда маған жүкті екенін білмепті, әйтпесе Ганада қалатын едік», - деп еске салды Иньяки.

Спортшының сөзіне қарағанда, оның ата-анасы Мелильяға дейін жетіп, қоршаудан асып түскенде, оларды азаматтық күзет ұстап алған. Өздерімен бірге рұқсат құжаттары болмағандықтан, оларды қайтарып, түрмеге жапқан.

«Католик ұйымында жұмыс істейтін адвокат оларға «елімізде соғыс жүріп жатыр» деп айтуға кеңес берген. Саяси баспана сұрамас бұрын Мария мен Феликс ганалық төлқұжаттарын өртеп, өздерін Либериядан келдік деп таныстырған.

Соның арқасында олар Бильбаоға (Испания) жеткен. Осыдан соң футболшының әкесі Лондонға нәпақа табуға аттанған.

«Ол «Челсиге» жақын жерде орналасқан сауда үйінде жұмыс істеген. Мейрамханада үстелдердің үстін сүртіп, «Стэмфорд Бридж» стадионында билеттерді тексеретін күзетші болып жұмыс істеген. Ол ешкім істеуге келіспейтін кез келген жұмысқа кіріскен. Оны 10 жыл бойы көрген жоқпыз», - дейді Иньяки әкесін еске алып.

Мария да бірнеше жұмыста қатар істеген. Сондықтан Иньяки Нико үшін екінші әкесіндей болып кеткен.

Жергілікті лигаларда төреші болып жұмыс істеу арқылы әр ойынға 10 еуродан алып отырған. Сол кезде-ақ Уильямс анасына кәсіпқой футболшы болатынын айтып сөз берген екен.

Осылайша, 18 жасында «Атлетик» сапын толықтырып, араға екі жыл салып, 2014 жылы командада дебютін өткізді. 

«Мен бұл жайттың көп нәрсені түзететінін білдім. Бұл мен үшін дебют қана емес еді. Бұл біз үшін әкеміздің 10 жылдан соң Лондоннан оралып, отбасымызбен қауышатынын, інімнің нағыз әкесі болатынын аңғартатын еді. Мен футболшы болуды армандадым, сондай-ақ отбасымыздың қауышқанын қаладым», - деді ганалық футболшы.

Уильямс «Атлетик» сапында Жонас Рамальодан кейін ойнаған екінші қара нәсілді футболшы атанды. 2022 жылғы 14 қарашада Иньяки Катардағы әлем чемпионатына қатысатын Гана құрамасына енді. 
Оған дейін ол Испания құрамасында тек бір матчта, 2016 жылы Босния және Герцеговинамен ойында өнер көрсеткен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам