Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Ресей футболшылары жалақысының бір бөлігін соғысты қаржыландыруға беруі керек – Госдума депутаты

26.11.2023, 20:55

Ресей ақпан айынан бері Украинада басқыншылық соғысын жүргізіп жатыр

Ресей футболшылары жалақысының бір бөлігін соғысты қаржыландыруға беруі керек – Госдума депутаты
russobalt.org

Ресей Думасындағы Қорғаныс істері комитеті төрағасының орынбасары Алексей Журавлев отандық футболшылардың Украинадағы соғысты қолдамағанына наразы. Оның пікірінше, ресейлік футболшылардың бұл әрекетін сатқындыққа теңеуге болады.

«Біздің футболшылар қомақты жалақысының бір бөлшегін Ресей әскеріне көмек ретінде берді дегенді осы күнге дейін естімеппін», - деді ол РИА «Новости» тілшісімен болған әңгіме барысында.

Оның сөзінше, футболшылар мемлекеттен ақша алғанды жақсы көреді, бірақ отанды қорғау мәселесіне келгенде үнсіз. 

«Олардың бәрін мемлекет өсірді. Енді қазір қайда? Арнайы әскери операцияны неге қолдамайды? Ресейден қашпай, соғысқа өз еркімен барған футболшы қайда?», - деді депутат.

Ол әліге дейін қалтаның қамы емес, елдің болашағы үшін шығатын футболшыларды күтетінін айтты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам