“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Ресми: Сауд Арабиясы футболдан әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді

30.07.2024, 21:43

Әзірге бұл ел – турнирді ұйымдастырамын деп ниет білдірген жалғыз мемлекет

Ресми: Сауд Арабиясы футболдан әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді
Instagram/abdulaziztf

Парижде ФИФА-ның кезекті басқосуы өтіп, Сауд Арабиясы 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ресми түрде өтініш берді. 

Әзірге бұл ел – турнирді ұйымдастырамын деп ниет білдірген жалғыз мемлекет.

Саудиттер мундиальді өткізу туралы жоспарын 2023 жылғы қазан айында айтып бастаған, алайда енді ғана ресми түрде растап отыр. 

«Сауд Арабиясының футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізу туралы өтініші – бұл болашаққа деген қадам. Бұл біздің балаларымыз және үлкен арманы бар адамдар үшін жасалып отыр. Корольдік футболдағы ең маңызды аламанды өткізіп, еліміздің барлық салаға ерекше мән беретінін көрсеткіміз келеді», - деді Сауд Арабиясының спорт министрі Абдул-Азиз ибн Турки әл Сауд.

Ендігі кезекте ФИФА өкілдері ресми сапармен барып, бәрін жіті тексереді, тиісінше өтініш берген елдердің мүмкіндіктерін бағалайды. Сонан соң 2024 жылғы 11 желтоқсанда 2034 жылғы әлем біріншілігін ұйымдастыратын ел анықталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам