Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Әкімдік 5 млрд қарызын жауып берген «Ордабасы» тағы да қаржылық қиындыққа тап болды

02.08.2024, 18:59

Клубта 2 млрд теңгеден астам қаражат тапшылығы туындады

Әкімдік 5 млрд қарызын жауып берген «Ордабасы» тағы да қаржылық қиындыққа тап болды
instagram.com/gabit_syzdykbekov

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» футбол клубында атқаралып жатқан өзгерістер туралы баяндады. Әкімнің айтуынша, клубты қарызға батырған жүйені құртып, ойыншының жасына, әкімшілік және спорттық шығындарына байланысты жалақы шегін белгілеу мақсатында нормативтік база құрылады.

«Құрметті қала тұрғындары! Мен де сіздер сияқты «Ордабасы» футбол клубының жанкүйерімін. Бір де бір матчты өткізіп алмауға және командаға қолдау көрсетуге тырысамын. Қала басшысы ретінде мен үшін спортта нәтижемен қатар қатаң қаржылық тәртіп те маңызды. Өздеріңіз білесіздер, әкімдіктің қолдауының арқасында «Ордабасы» ФК жаңа маусымды қарызсыз бастады. Клубтың қаржылық жағдайын мұқият зерделеп, басшылығына бөлінген қаржы аясында қатаң жұмыс істеуді тапсырдым. Алдағы уақытта да қарыз жиналып қалмауын қадағалау қажет», – деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Қала әкімінің айтуынша, клубтың бұрынғы басшылығы қалалық спорт басқармасы мен директорлар кеңесінің келісімінсіз ойыншылардың құнын асыра бағалап, ұзақ мерзімді келісім-шарттың уақытын негізсіз белгілегені анықталды. Соның салдарынан клубта 2 млрд теңгеден астам қаражат тапшылығы туындады. Сондықтан әкімдік тарапынан 4,3 млрд теңге, ал демеуші тарапынан қосымша 1 млрд теңге бөлінді. Осыған байланысты маусым ортасында клуб құрылымында кадрлық өзгерістер орын алды.

«Ордабасы» ФК УЕФА мен ФИФА-ның мүшесі саналатын еліміздің Футбол федерациясының ережелері мен регламентін сақтайды. Халықаралық спорт ұйымдары клубтың спортшылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуына кепіл болады. Жоғарыда аталған келісім-шарттар клубтың мүддесі үшін жасалды ма? Бұл сауалдың жауабын қаржылық-құқықтық аудит береді», – дейді Ғабит Сыздықбеков.

Қазіргі таңда клубта жаңа үлгі құру бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Клуб үшін ойыншының жасына, әкімшілік және спорттық шығындарына байланысты жалақы шегін белгілеу мақсатында нормативтік база құрылуда. Бұл жұмыс келесі маусымда жүзеге асады.

«Бұдан бөлек, биыл шілдеден бастап балалар мен жасөспірімдер орталығының барлық жаттықтырушыларының жалақысы көтеріліп, 17 үздік ойыншыға ай сайынғы шәкіртақы бөлінді. Сондай-ақ академияның резидент емес үздік мүшелерінің тұрмыстық жағдайы жақсарды. Мен алдағы уақытта да клубтың ары қарай дамуына қолдау білдіруді жалғастыра беремін», – деп жазды әкім.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам