ЛЧ-ға Марат Достаевпен болжам! ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Мессидің «бауырлары» мен Тьерри Анридің шәкірттері төбелесті (ВИДЕО)

03.08.2024, 12:02

Аргентина құрамасы осымен жарысты аяқтады

Мессидің «бауырлары» мен Тьерри Анридің шәкірттері төбелесті (ВИДЕО)
Getty Images

Франция мен Аргентина ұлттық құрамаларының ойыншылары футболдан Олимпиада ойындарының ширек финалы аяқталған бойда жаппай төбелес ұйымдастырды.

Матч Бордо қаласындағы «Матмут-Атлантик» стадионында өтіп, француздардың жеңісімен аяқталды – 1:0. Жалғыз голды алаң иелерінің шабуылшысы Жан-Филипп Матета ойынның бесінші минутында соққан еді.

Төрешінің финалдық ысқырығы естілген бойда француз Энцо Мийо мен аргентиналық Николас Отаменди ерегесіп қалып, мұның соңы жаппай төбелеске ұласты.

Енді Франция жартылай финалда Мысыр құрамасымен өзара кім мықтыны анықтайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды0
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам