“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Даңқты Пепе футболдағы мансабын аяқтады

08.08.2024, 21:45

Ол Португалия құрамасындағы ең кәрі ойыншы болатын

Даңқты Пепе футболдағы мансабын аяқтады
Getty Images

«Реал», «Бешикташ», «Порту» сынды клубтарда орталық қорғаушы болған португалдық футболшы Пепе үлкен спорттағы мансабын аяқтады. Биыл оның жасы 41-ге толған болатын.

Пепенің соңғы клубы – «Порту». Аталған команда сапында ол 2019-2024 жылдар аралығында ойнады. Сондай-ақ, 2004-2007 жылдар аралығында да португалдық қорғаушы осы клубта өнер көрсеткен. Сол кезде Пепе барлығы 288 матчқа қатысып, 17 гол соққан және 11 нәтижелі пас берген.

Ал, мадридтік «Реал» сапында Пепе 2007-2017 жылдарда доп тепті. Барлығы 334 матчқа қатысқан қорғаушы 15 гол соғып, нәтижелі 20 пас берген. Корольдік клубпен бірге ол үш рет Чемпиондар лигасын ұтып, үш рет Испания чемпионы болды.

Ал, Португалия құрамасында Пепе 114 матч өткізген және 8 гол соққан. 2016 жылы Еуропа чемпионы атанса, 2019 жылы Ұлттар лигасын жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам