Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ордабасының» 5 млрд теңге қарызы ауада қалықтап тұр: клуб банкрот бола ма?

03.10.2023, 00:21

Клубтың экс-директоры Бақтияр Байсейітов Қайрат Сатыбалдымен құда болған

Футболдан Қазақстан біріншілігінің чемпиондығына бір табан жақын тұрған шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының 5 млрд теңге қарызы бар. Бұл берешек команданың экс-басшысы Бақтияр Байсейітовтің заңсыз әрекеттерінен кейін пайда болған деп мәлімдеді спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен «Бірінші бол» YouTube-каналындағы подкастта.

Маманның айтуынша, шымкенттік клубты ұзақ уақыт басқарған Байсейітов түрлі құйтырқы әрекеттерге барып, «Ордабасы» бюджетіне аямай қол салған.

«Оның атында жерлер, жылжымайтын мүлік көп. Қызы Қайрат Сатыбалдының келіні. Құдасы да оған көп қолдау көрсетті», - деді Е.Мәулен әңгіме барысында.

Ал, клубтың мойнына ілінген 5 млрд теңге қарызы сол күйі өтелмей тұр. Жергілікті билік те, басқа да органдар бұл проблеманы шешуге әзірге құлықсыз немесе қауқарсыз.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам