«Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы тартысты ойын 29 қыркүйек күні өтеді
Алматы қаласы 15-мәрте QFL Қазақстан кубогының финалын қабылдайды. Араға 8 жыл салып Орталық стадионда чемпион анықталады.
«Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы тартысты ойын 29 қыркүйек күні кешкі 17:00-де өтеді.
32-ші кубок бәсекесіне премьер-лиганың 13 клубы және бірінші лига мен екінші лиганың 19 клубы қатысып, 11 наурызда жарысты бастаған. «Атырау» алғашқы финалист болып, дода барысында астаналық SD Family (6:0), алматылық «Қайрат» (3:1) және былтырғы чемпион «Тобыл» (4:1, қос ойынның қорытындысы) ұжымынан басым түсті.
Араға 5 жыл салып, Виталий Жуковскийдің шәкірттері шешуші ойында қайта кубокқа таласады. Бұл «мұнайшылардың» тарихындағы 5-финал және тек 2009 жылы ғана топ жарған.
«Атыраудың» финалдағы қарсыласы - «Ақтөбе». 5 дүркін Қазақстан чемпионы жарыс жолында талдықорғандық «Жетісу» (1:0), шымкенттік «Ордабасы» (1:2), семейлік «Елімайды» (3:2, қос матчтың қорытындысы) жолдан шығарды. «Қызыл-ақтар» үшін бұл финалдағы төртінші матчы болмақ. Алайда ақтөбеліктер тек сонау 2008 жылы ғана жеңімпаз атанған. Ал финалда бірінші мәрте «батыстық дерби» тіркелмек.