“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Ешқайда кетпеймін»: Черчесов өзіне қатысты қауесетке жауап берді

16.08.2024, 13:43

Бас бапкер Қазақстан құрамасын жаттықтыратынын мәлімдеді

«Ешқайда кетпеймін»: Черчесов өзіне қатысты қауесетке жауап берді
Getty images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов өзінің қызметінен кетуіне қатысты қауесетті жоққа шығарды.

Бұған дейін ресейлік маманның Болгарияның «Лудогорец» клубын жаттықтыруы мүмкін екені айтылып, қазіргі уақытта келісімшарт жасалып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Алайда бас бапкер «Спорт Экспресс» басылымына берген сұхбатында әзірге тек Қазақстан құрамасын жаттықтыратынын мәлімдеді.

«Бұның бәрі қайдан шыққан әңгіме? "Лудогрецтен" маған ешкім ұсыныспен шыққан жоқ. Тіпті, солай болған күннің өзінде қазір менің басқа жұмыстардан қолым босамайды. Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасы аясындағы ойынға дайындап жатырмын. Баршаға тек шынайы ақпаратқа сену керектігін айтқым келеді. Елдің бәрі мұндай әңгімені неге сүйеніп айтады?», - деді Черчесов.

Айта кетейік, ұлттық құрамаға Станислав Черчесов биыл бас бапкерлік қызметке тағайындалды. Ол қазақ тіліне қатысты дауға қалғаннан кейін, еліміздің футбол федерациясыны бапкердің тіл үйренуге кіріскенін атаған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам