Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Жыл жаңалығы»: Ресейлік даңқты бапкер Нұралы Әліп туралы пікірін айтты

01.12.2023, 14:21

Қазақстандық қорғаушы қазір «Зениттің» сапында

«Жыл жаңалығы»: Ресейлік даңқты бапкер Нұралы Әліп туралы пікірін айтты
Чемпионат.ру

Мәскеулік «Спартакты» ұзақ жыл жаттықтырған Олег Романцев «Зениттің» қазіргі құрамына қатысты пікірін айтты. Ол қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпті де ерекше мақтап өтті.

«Спорт-Экспресс» тілшісіне сұхбат берген даңқты бапкер «Зениттің» Ресей чемпионатында топ жаратынына сенімді.

«Менің «Зенитке» деген сенімім бекер оянған жоқ. Иә, Малком кетті, есесіне Вендел жақсы ойнап кетті. Кассьерра да гол соғып жүр, онымен Сергеев те байланыста жақсы ойнап жатыр. Қорғаныста Әліп жаңалық болды. Оның үстіне, қосалқы құрам да өте сапалы. Семак негізгі құрамда біреу жарақат алса аса қатты өкіне қоймайды», - деді Романцев.

Олег Романцев 1989 жылдан 2003 жылға дейін мәскеулік «Спартакты» жаттықтырған. Ол аталған клубпен 8 рет Ресей чемпионы болған. Сондай-ақ, Еуропа чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін шыққан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам