"Қайраттың" чемпиондығына күмән. Мазақ болған "Астана". Өтірік сөйлеген депутат – ҚПЛ-дің соңы

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев ресми отставкаға кетті

19.08.2024, 01:13

Оның қызметтен кететіні туралы бір жылдан бері айтылып келеді

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев ресми отставкаға кетті
Ордабасы ФК

Футболдан ел чемпионы «Ордабасының» бас бапкері болған Александр Седнев ақыры отставкаға кетті. Бұл туралы команданың әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған.

Еурокубоктегі сәтсіз ойындардан кейін Седнев отставкаға кету туралы өтініш бергенін өзі мәлімдеген болатын. Клуб басшылығы бұл өтінішті қабылдағаны бүгін белгілі болды.

«Осы үш жарым жыл есімізде қалары анық. Барлығы үшін рахмет, Александр Сергеевич», - деп жазылған «Ордабасының» Instagram-парақшасында.

Седневтің отставкасы туралы биылғы ел чемпионаты басталған кезде-ақ айтыла бастаған. ҚПЛ-дің алғашқы ойындарын сәтсіз бастағаннан кейін «бас бапкер орнын босатты» деген сыбыс желдей есті. Алайда, клуб басшылығы, тіпті Шымкент әкімдігі де бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

«Ордабасы» биыл Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бірінші айналымнан аса алмады. Молдованың «Петрокубімен» ойнаған шымкенттіктер екі матчта да жеңілді. Мұнан кейін Конференция лигасында бақ сынап, Арменияның «Пюник» командасынан өте алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам