“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Конференция лигасы: «Астана» норвегиялық «Бранн» клубынан жеңіліп қалды

23.08.2024, 00:41

Қарымта матч 29 тамызда Қазақстанда өтеді

Конференция лигасы: «Астана» норвегиялық «Бранн» клубынан жеңіліп қалды
Астана ФК

Еурокубок турнирлерінде өнер көрсетіп жатқан «Астана» ФК Конференция лигасының плей-офф раундында норвегиялық «Бранн» командасынан жеңіліп қалды, есеп – 0:2.

Матч алдында «Бранн» фаворит саналған. Ойын кезінде де алаң иелері  толықтай басымдықты өз қолына алды. Тіпті, 12-минутта Феликс Мюре есеп ашып, командасын алға шығарған. Ал, екінші таймда Борр Финне қазақстандық клуб қақпасына екінші голды соғып, матч нүктесін қойды.

Айта кету керек, ойындағы есеп бұдан да ірі болуы мүмкін еді. Алайда, «Астана» футболшылары сауатты қорғанып, қарымта матчтың интригасын сақтап қалды.

Қазақстандағы қарымта ойын 29 тамызға жоспарланған. Жеңген команда Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.

«Астана» бұған дейін іріктеу кезеңінде алдымен «Милсами» клубын (Молдова), сосын «Корвинулды» (Румыния) жеңген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам