“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Ақтөбе» футболшылары «Ордабасыны» жеңсе әрқайсысы 3 миллион теңгеден сыйақы алады

25.08.2024, 15:48

Шымкенттік футболшыларды да жеңіс үшін бонус күтіп тұр

«Ақтөбе» футболшылары «Ордабасыны» жеңсе әрқайсысы 3 миллион теңгеден сыйақы алады
Ақтөбе ФК

Бүгін Қазақстан премьер-лигасы 18-турының орталық матчында «Ордабасы» мен «Ақтөбе» кездеседі. Ойын Шымкент қаласында өтеді.

«Тотальный футбол» телеграм-каналының жазуынша, «Ақтөбе» басшылығы команда жеңіске жеткенде ойыншыларға қомақты сыйақы беруге уәде еткен. Егер команда үш ұпай еншілесе, әр ойыншы 3 миллион теңгеден сыйақы алады екен.

Сол секілді «Ордабасы» ойыншыларын да қомақты сыйақы күтіп тұр. Клуб президенті Асхат Сейсембек матч алдында жаттығу базаға келіп ойыншылармен сөйлескен. Ол футболшыларға жігер беріп, жеңіске жетсендер сыйақы болады деп уәде еткен көрінеді.

Матч 25 тамызда Астана уақытымен 20:00-де басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам