“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Ордабасы» көп сынға ұшыраған легионер Дембо Дарбодан құтылды

26.08.2024, 21:11

Ол енді Әзірбайжанда доп тебуі мүмкін

«Ордабасы» көп сынға ұшыраған легионер Дембо Дарбодан құтылды
Ордабасы ФК

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы гамбиялық шабуылшы Дембо Дарбомен келісімшарт тоқтатылғанын мәлімдеді.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, келісімшарт өтемақысыз тоқтатылған.

«Тараптардың өзара келісімі бойынша Дембо Дарбоның келісімшарты тоқтатылды. Клубтың негізгі міндеттерінің бірі – жалақы тізімін ретке келтіру, осы себепті гамбиялық шабуылшымен келісімшарт өтемақысыз тоқтатылды», - делінген мәліметте.

Айта кетейік, ҚПЛ-ның биылғы маусымында Дарбо «Ордабасы» сапында 8 матч өткізіп, үш гол соқты. Бұған дейін ол «Астана» сапында өнер көрсеткен. Meta-ratings.kz басылымының жазуынша, футболшы енді Әзербайжанның «Нефтчи» клубына ауысуы мүмкін.

Дембо Дарбо Қазақстанда жанкүйерлер тарапынан жиі сынға ұшырап жүрген футболшы. Өйткені, қомақты жалақы алатын шабуылшының гол соғу көрсеткіші өте төмен болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам