Ол Қаңтар оқиғасынан кейін ел алдына өте сирек шығып жүр
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева ұзақ уақыт үзілістен кейін ел алдында шықты. Ол Алматыда марқұм ұлы Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған турнирге қонақ ретінде қатысты.
«Сонымен Дариға Назарбаева ел алдына шықты. Ол Алматыда Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған футболдан балалар турниріне қатысып жатыр», - деп жазды әлеуметтік желдіе журналист Сырым Итқұлов.
Instagram парақшасында AR Cup балалар футбол турнирі жыл сайын өткізілетіні жазылған. Алғашқы жарыс 2023 жылы ұйымдастырылды. Биыл аталған турнирде мәскеулік «Спартак» жеңімпаз атанды.
Айсұлтан Рахат – марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның екінші ұлы. Айсұлтан 2020 жылдың 16 тамызына қараған түні Лондонда қайтыс болды. Ол кәсіби футболшы болған, Англияның «Портсмут» клубы академиясында тәлім алған. Қазақстан футбол федерациясында аз-кем уақыт вице-президент қызметін атқарды.
Дариға Назарбаева болса былтыр Астанада өткен турнирге де келген еді. Ол жарыс туралы КТК арнасы сюжет ұсынған.