“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Криштиану Роналду футболдағы мансабын аяқтайтын күнді атады

29.08.2024, 09:16

Келер жылы ол 40-қа толады

Криштиану Роналду футболдағы мансабын аяқтайтын күнді атады
Yasser Bakhsh /Getty Images

Португалдық лаңқты футболшы Криштиану Роналду футболды қашан аяқтайтынын айтты. Өзінің жеке YouTube-каналында экс-командаласы Рио Фердинандпен болған әңгіме кезінде ол болашаққа жоспары туралы сөз еткен.

Айта кетейік, саудиялық «Әл-Наср» мен Португалия құрамасының шабуылшысы қазір 39 жаста. Ол бұған дейін өзін тың сезінетінін, әзірге бутсыйын шегеге ілмейтінін айтқан.

«Жасыл алаңда қолымнан түк келмейтінін сезген күні чемоданымды жинаймын да, футболдан біржола кетем», - деді ол әңгіме кезінде.

Роналду 2023 жылдан бері «Әл-Наср» сапында ойнап келеді. Өткен маусымда ол 45 матч өткізіп, 44 гол соққан болатын. Саудиялық клубпен келісімшарты 2025 жылдың соңында аяқталады.

Бұған дейін Роналду «Манчестер Юнайтед», «Ювентус», «Реал» және «Спортинг» клубтарында өнер көрсетті. Мансабында ол бес рет «Алтын доп» иегері атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам