Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Роналду еуропалық клубтардың біріне ауысып, Чемпиондар лигасында ойнауды көздейді

30.08.2024, 10:38

Оның саудиялық клубпен келісімшарты 2025 жылы аяқталады

Роналду еуропалық клубтардың біріне ауысып, Чемпиондар лигасында ойнауды көздейді
Reuters

Саудиялық «Әл-Наср» клубының 39 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду жақын болашақта еуропалық клубқа ауысуды жоспарлап жүргенін жасырмады.

Айта кетейік, күні кеше Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өткен болатын. Роналду аталған турнирге қайта оралғысы келетінін айтып, күтпеген мәлімдеме жасады.

«Бұл трофей мен үшін өте маңызды. Жалпы, Чемпиондар лигасы – кез келген футболшы үшін маңызды турнир. Мен оның бір бөлшегі болғаныма қатты қуанам. Осы рекордтар мен жеңістер – менің өмірімдегі ең ерекше кезең. Менде Чемпиондар лигасы туралы керемет естеліктер қалды. Бәлкім жақын болашақта мен осынау турнирге қайта қатысатын шығармын», - деді даңқты футболшы. 

Айта кетейік, Криштиану Роналду саудиялық клубта 2025 жылға дейін ойнайды. Бұл уақытта ол 40 жасқа толады. Десе де, футболшы мансабын жақын уақытта аяқтамайтын секілді.

Роналду Еуропада «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Ювентус» клубтарында доп тепті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам