“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қазақстанға Лондонның «Челси» футбол клубы келетін болды

30.08.2024, 20:58

Топтық кезеңде барлығы алты матч ойналады

Қазақстанға Лондонның «Челси» футбол клубы келетін болды
Getty Images

УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан намысын қорғайтын «Астанаға» Лондонның әйгілі «Челси» клубы қарсылас атанды.

Жаңа ереже бойынша «Астана» топтағы әр командамен бір-бір матчтан өткізіп шығады. Мысалы, «Челси» Қазақстанға келеді. Кипрдің АПОЭЛ, «Пафос» және Уэльстің ТНС клубымен сырт алаңда, ал Португалияның «Витория Гимарайнш», Сербияның ТСЦ командасымен өз алаңында ойнайд.

Конференция лигасының матчтарының кестесі

Топтық кезең

  • 1-тур: 2024 жылғы 3 қазан.
  • 2-тур: 2024 жылғы 24 қазан.
  • 3-тур: 2024 жылғы 7 қараша.
  • 4-тур: 2024 жылғы 28 қараша.
  • 5-тур: 2024 жылғы 12 желтоқсан.
  • 6-тур: 2024 жылғы 19 желтоқсан.

Плей-офф ойындары: 2025 жылдың 13 және 20 ақпаны.

  • 1/8 финал: 2025 жылдың 6 және 13 наурызы.
  • Ширек финал: 2025 жылдың 10 және 17 сәуірі.
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам