“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Жұмыс істегім келген». Кержаков «Қайраттан» кетуінің себебін айтты

03.09.2024, 15:28

Алматылық ұжым маманмен келісімшарт бұзылғанын ресми мәлімдеді

«Жұмыс істегім келген». Кержаков «Қайраттан» кетуінің себебін айтты
fckairat.com

Ресейлік маман Александр Кержаков Алматының «Қайрат» клубындағы бас бапкерлік қызметтен кетуінің себебін түсіндірді.

«Зенит» пен Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы мамыр айының соңында «Қайрат» тізгінін алған. Бүгін, 3 қыркүйек күні, алматылық ұжым маманмен келісімшарт бұзылғанын ресми мәлімдеді.

«Кеше таңертең отставкаға кету туралы өтініш бердім. Мен үшін бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ, себебі осы клубта жұмыс істегім келген. Ойын жағынан тәп-тәуір прогресс жасадық. Бізбен бірге «Қайрат» чемпионат аяқталғанға дейін алты тур бұрын турнирлік кестеде көшбасшы атанып, чемпиондыққа қол жеткізуге мүмкіндігі молайды.

Бірақ бапкер ретінде жұмыста жол берілмейтін жағдайлар бар. Бәрін тәптіштеп жазып отырмаймын, оның бәрі клубтың ішінде қалсын. Команда мен жігіттерге жеңіс пен сәттілік тілеймін», - деді Кержаков Championat-қа берген сұхбатында.

Оның жетекшілігімен алматылық ұжым 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам