Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Әдеттегі еркектердің әңгімесі». Боранбаев Кержаковпен не туралы сөйлескенін айтып берді

05.09.2024, 09:41

Ол ресейлік бапкер Александр Кержаковтің болашағына сенім білдірді

«Әдеттегі еркектердің әңгімесі». Боранбаев Кержаковпен не туралы сөйлескенін айтып берді
"Қайрат" ФК

«Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев ресейлік бапкер Александр Кержаковті балағаттады деген ақпарат таралғаны белгілі. Осыдан соң үш айдан астам уақыт бас бапкер болған Александр Кержаков аяқасты отставкаға кетті. Клуб басшысы Қайрат Боранбаев sport-express.ru-ға берген сұхбатында Александр Кержаковпен болған әңгіме туралы айтып берді.

– «Астанадан» жеңілу өте ауыр тиді ме? Сондықтан «нәтижеге көңіліңіз қатты толмады» деген ақпарат тарады ма?

– Бұл – футбол. Біз бәрін түсінеміз. Ештеңе етпейді. Әрине, «Астанаға» қарсы матчтың нәтижесіне көңіліміз толған жоқ. Матчтан соң Александрмен сөйлескеніміз түсінікті жайт. Бірақ бұл конструктивті диалог болды. Әдеттегі еркектердің әңгімесі. Команда жеңілді, сонда мен осындай нәтиже көрсеткен бапкер мен футболшыларды мақтауым керек пе еді? Сіздер футболда бірінші жыл жүрген жоқсыздар ғой. Барлығын өздеріңіз түсінулеріңіз тиіс.

Мен «Астанаға» қарсы матчтан кейін ғана емес, барлық ойыннан соң, жеңсек те, жеңілсек те, киім ауыстыратын бөлмеге кіремін. Бұл жолы, әрине, біз ойынды талқыладық, сондай-ақ футболшыларға өз құрамаларында сәтті өнер көрсетулерін тіледім.

– Көпшілік Кержаков командамен байланысын жоғалтты, ойыншылар оған қарсы жұмыс істегендей болды деп жазып жатыр..

– Міне, қараңызшы. Бірде байланыс жоқ деп жазады, бірде жалған сөздерді ойлап табады. Мен мұның бәрін түсіндіре алмаймын.

– Құрама әлі де бірінші орында тұрғанына қарамастан бапкер жұмысынан кетіп жатыр. Енді «Алтынға жетпей қаламыз ба?» деген қорқыныш жоқ па?

– Бұл футбол. Әртүрлі жағдайлар болады. Бірақ біз тек бір жылмен ғана шектелмейміз. Бірнеше жылға құрылған стратегиямыз бар. Болашаққа көз жүгіртеміз. Сонымен қатар, біздің команда жастар арасындағы Чемпиондар Лигасында (U-18) өнер көрсететін болады. Біз барлық жас деңгейлерінде ел чемпионымыз. Демек, болашақтан үміт бар. Ал титул үшін күрес әлі де жалғасуда. Маңыздысы – алға ұзақ мерзімді мақсат қою. Нәтижеге уақыт өте келе жетеміз. Бұл жерде алаңдамаймын.

– Кержаковпен жұмыс істеу барысында не түйдіңіз?

– Александрдың нақты мақсаты бар. Ол білімді, амбициясы зор. Көпшілікке ұнамаса да өзіндік көзқарасы бар. Бірақ әр бапкердің өз «мені» болуы керек. Мен әр бапкерден бірдеңе үйренемін. Оның бізге келгеніне қуаныштымын. Алдағы уақытта бәрі жақсы болатынына сенемін. Ол ойыншы кезінде де, бапкер ретінде де мінезді адам екенін көрсетті. Барлығы дұрыс. Мәселелер жоқ!

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам